Отандық QazVac вакцинасы ДДҰ-да неге әлі тіркеуден өтпеді?

219

Министрлік істі аяғына дейін жеткіземіз деп сендіріп отыр.  

Отандық QazVac вакцинасы ДДҰ-да неге әлі тіркеуден өтпеді? Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы QazVac вакцинасын неге әлі тіркемегенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ДДҰ-ның өтінімді қарауына байланысты бұл мәселе біздің бақылауда. Алайда оны сертификаттау және жалпы тіркеу үшін қосымша шарттарды орындау қажет. Бұл жұмыстар қазір жүргізіліп жатыр, сондықтан мәселе күн тәртібінен түскен жоқ", - деп жауап берді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, қазір QazVac бұрынғы көлемде шығарылып жатқан жоқ.

Ведомство басшысы вакцинаны тіркеу бойынша нақты мерзімді айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу