2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында елдегі сақтандыру компаниялары 818 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Сақтандыру компанияларының шығындары 11,8%-ға, 674,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл 2021 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда пайданы 26,6%-ға, корпоративтік табыс салығын төлегенге дейін 143,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.
Корпоративтік табыс салығының сомасы бір жылда 38,3%-ға өсті, ал салық төленгеннен кейінгі таза пайда 25,7%-ға, 131,4 млрд теңгеге дейін артты.
Сақтандыру компанияларының бөлінбеген жиынтық кірісі 126,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,2%-ға артық.
Секторда бөлінбеген пайданың ең жоғары көлемі "Еуразия" сақтандыру компаниясында тіркелді (37,7 млрд теңге). Одан кейін "Халық-Life" (15,5 млрд теңге) және "НОМАД Life" (10,7 млрд теңге) орналасты.
Табыстың айтарлықтай көлемі "Еуропалық сақтандыру компаниясына" (10,6 млрд теңге), "Виктория" сақтандыру компаниясына (9,8 млрд теңге) және "Freedom Finance Lif"-қа (8,2 млрд теңге) тиесілі.
Өткен жылдың 11 айында "Коммеск-Өмір" (2,9 млрд тг), "Сентрас Коммеск Life" (1 млрд тг), "Amanat insurance" (622,8 млн тг) және "Интертич" сақтандыру компанияларында (323,3 млн тг) өтелмеген шығын тіркелді.