Отандық шешімдерді сатып алу кезінде шығынның жартысын мемлекет өтеп бермек

650

Отандық IT компанияларды қолдау мақсатында отандық шешімдерді сатып алу кезінде шығынның 50 пайызына дейін мемлекет өтеп беруі мүмкін. Бұған дейін 40 пайызын өтеп келген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Отандық шешімдерді сатып алу кезінде шығынның жартысын мемлекет өтеп бермек

"Қазіргі уақытта "QazIndustry" компаниясы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру операторларының бірі ретінде "Индустриялық саясат туралы" жаңа Заңды іске асыру аясында қолданыстағы мемлекеттік ынталандыруларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жатыр. Соның аясында автоматтандырылған жүйелерді дамытуға, оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға кеткен шығындарды өтеу қарастырылған. Отандық IT-компанияларды қолдау мақсатында отандық шешімді сатып алу үшін шығындарды өтеу сомасын 40-тан 50%-ға дейін арттыру ұсынылып отыр", – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін өтемақы төлеу мерзімін, оның ішінде кадрларды қайта даярлауды үш айға дейін ұлғайту бойынша да ұсыныстар енгізілген.

Айта кетейік, QazIndustry компаниясы – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру операторларының бірі. Кейінгі бес жылда 224 өңдеуші кәсіпорынның шығынын өтеуге жалпы сомасы 2,8 млрд теңге жұмсаған. Ең үлкен қолдау машина жасау, агробизнес және металлургия салаларындағы өндірушілерге берілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу