Отандық спортқа реформа жүргізу қажет

709

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысында Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына 128 күннен аз уақыт қалғаны жария болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отандық спортқа реформа жүргізу қажет

"2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында Қытайда өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарында алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін барлықтарыңыздан қажетті шара қабылдауды сұраймын", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Министр әлем елдері саламатты қоғам құруды ұлттық идеяға айналдырып жатқанын тілге тиек етіп, спортты дамыту арқылы адамдардың денсаулығын ғана емес, адамгершілігін шынықтыруға болатынын баяндады. 

Бұдан кейін министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токиодағы Олимпиада ойындарының нәтижесіне қатысты объективті сын айтқанына тоқталды. 

"Мемлекет басшысы отандық спортқа жедел және тиімді реформа жүргізу қажеттігіне назар аударды. Осыған байланысты мнистрлік бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, спорт инфрақұрылымын жақсартуға, кадрлардың әлеуетін арттыруға, медициналық-биологиялық қамтамасыз етуді жетілдіруге, спортшылар мен жаттықтырушылардың тұрмысын түзеуге, сонымен қатар спорт саласын цифрландыруға басымдық беріп жатыр", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу