Отандық спортшылар халықаралық допинг-офицерлердің назарында болды – Андрей Крюков

894

Токио Олимпиадасына қатысатын ұлттық құрама командасының спортшылары жыл басынан бері 14 рет допинг-тест тапсырды.  

  Отандық спортшылар халықаралық допинг-офицерлердің назарында болды – Андрей Крюков

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюковтың сөзінше, допинг-тест пандемия кезінде де тоқтамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Отандық спортшылар жыл басынан бері халықаралық допинг-офицерлердің назарында болды. Атлеттердің әрқайсында жеке тестілеу жоспары бар. Тестілеу ашық болуы және түрлі айла-шарғыларды болдырмау үшін тексеруді ITA халықаралық ұйымы мен өзіміздің Ұлттық допингке қарсы орталық жүргізеді. Халықаралық ұйым 7 айда спортшыларды 10-12 реттен тексерді. Бұл – міндетті процедура. Одан жалтаруға болмайды", – деді Андрей Крюков.

Оның сөзінше, тестілеу аяқ астынан, ескертусіз жүргізіледі.

"Өзіміздің допингке қарсы орталықтың мамандары әр спортшыны 2-4 рет тестілеуден өткізді. Біз өз тарапымыздан барлық алдын алу және бақылау шараларын атқарып отырмыз", – деді Андрей Крюков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу