9 тамыз күні Францияның Куршевеле қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер мен әйелдер арасындағы жазғы Гран-при турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға Сергей Ткаченко мен Сабыржан Мүмінов қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Ткаченко 30-шы, Мүмінов 39-шы орын иеленді.
Бірінші орынды Тими Зайц иеленсе, екінші орынға норвегиялық Роберт Йоханссон жайғасты. Үшінші сатыда жапондық Наоки Накамура.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу