Отандық сүт өндірушілерге қойылған талап 2020 жылы күшіне енеді

533

Отандық сүт өндірушілерге қойылған талап 2020 жылы күшіне енеді

2020 жылы Кедендік одақ шеңберінде техникалық регламент талаптарына сай келмейтін сүт пен сүт өнімдерін экспорттау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды 24.kz.

Сала мамандарының айтуынша, осының салдарынан жеке шаруашылық өндіретін сүттің 90-қа жуық пайызға нарықтан шығарылуы мүмкін. Сондықтан жергілікті шаруа қожалықтары өздері ұсынатын шикізат өнімдерінің қауіпсіздігін Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкестендіріп үлгеруі керек. Кері жағдайда шетелдік компаниялармен бәсекелесу қиынға соқпақ.

Айта кетейік, Қазақстанда жылына 5 млн тонна сүт пен сүт өнімдері өндіріледі. Оның 4 млн тоннасы жеке қосалқы шаруашылықтарында. Қалған 1 млн тоннасы біріккен шаруа қожалықтарының үлесінде. Жалпылай алғанда, 2013-2017 жылдар аралығында сүт өндіру көлемі 50 пайызға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу