Отандық сүт зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп тұрған жоқ

1174

Қайта есептегендегі сүт өнімдері импортының жалпы көлемі 500 мың тоннаны құрайды. 

Отандық сүт зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп тұрған жоқ

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ішкі нарықта ірімшік, сүзбе, қоюландырылған және құрғақ сүт импортының  көлемін азайту үшін тауарлық сүт фермаларын іске қосу қажеттігін айтты.

"Сүт шикізатына қайта есептегендегі сүт өнімдері импортының жалпы көлемі шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Отандық сүт зауыттары бұл тауарларды өздері өндіре алады, дегенмен олардың өндірістік қуаты толық жүктелмеген. Сапалы тауарлық сүт шикізатын өндіру көлемін ұлғайту мәселесін шешу үшін тауарлық сүт фермаларын іске қосу керек", – деді министр.

Оның сөзінше, сүтті мал шаруашылығын дамытуды ынталандыру үшін министрлік сүт фермаларын салу кезіндегі міндетті мемлекеттік сараптама талабын алып тастады. Бұл фермаларды жобалау мерзімін 6 айдан 1,5 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 

"Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында кредит сомасының 85% дейін инвестордың қарызын кепілдендіру тетігі енгізілді. Сүтті, сатып алынған асыл тұқымды малды субсидиялау нормативтері, инвестициялық субсидиялау нормативтері қайта қаралды. Малдың өзін кепілге қоя отырып, асыл тұқымды малды сатып алуды қаржыландыру құралы енгізілді", – деді Сапархан Омаров. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу