Отандық тасымалдаушылар Түркия порттарын қолдана алады

204

Бұл ақпаратты ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратты.  

Отандық тасымалдаушылар Түркия порттарын қолдана алады Фото: aa.com.tr

Түркия қазақстандық тасымалдаушыларға өз теңіз порттарында жүктерді тиеу және түсіру мүмкіндігін береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Порттарға қолжетімділікті ұсыну туралы уағдаластық халықаралық автотасымалдар мәселелері жөніндегі Қазақстан-Түркия аралас комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша бекітілді.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Түркия жүктерді автомобиль көлігімен еркін транзиттеу туралы келісті.

"Тараптар транзиттік тасымалдарға рұқсат беру жүйесін жою және еркін транзитке көшу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізілгенге дейін транзиттік бланкілермен шектеусіз мөлшерде алмасу қамтамасыз етілетін болады", – деп Көлік министрлігінде түсіндірді.

Бұдан басқа, биыл жыл соңына дейін екіжақты және транзиттік тасымалдарға арналған қағаз рұқсат беру бланкілері электрондық форматқа ауыстырылатын болады.

Осыған дейін Қытай және Өзбекстан елдерімен ШРБ (шетелдік рұқсат бланкі) алмасу да электронды форматқа көшірілген болатын. Электрондық бланкіні енгізу жүктерді тасымалдау процесін барынша жеңілдетеді, сондай-ақ адами факторды болдырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу