Отандық тауар өндірісінің көлемі ұлғайды

833

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының макроэкономикалық көрсеткіштері жайлы мәлімдеме жасады. 

Отандық тауар өндірісінің көлемі ұлғайды

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда дайын, өңделген өнім өндірісінің көлемі өсті. 

"Өнім өндіру көлемі 2018 жылы 8,9 трлн, 2019 жылы 10,1 трлн теңгені құрады. Биыл көрсеткіш еселеніп жатыр. Соңғы 10 айда нақты көлем индексі 104%-ды құрады. Дайын, өңделген өнім өндіру қарқынды дамып келеді. Осының есебінен импорт үлесі төмендейді. Тұтынуда отандық тауар өндірісінің үлесі артты. Биыл отандық тауар өндірісінің көлемі 2,5%-ға ұлғайды", – деді Руслан  Дәленов.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қолдауға ие болған 
кәсіпорындар оң динамика көрсеткен. 

"Мұндай кәсіпорындар табысын сақтап қана қоймай, бюджетке төлеген салық көлемін арттырды", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу