Отандық тауар өндірушілер реестрі жасалуда

983

Алматы қаласында бойынша тізімге 500 компания кірген.

Отандық тауар өндірушілер реестрі жасалуда

Қазіргі кезде кәсіпкерлерді қолдау мақсатында отандық тауар өндірушілер реестрі жасалуда, деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

"Отандық тауар өндірушілер реестрі әзірленуде. Болашақта олар мемлекеттік сатып алуға қатыса алады. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу нарығы 4 трлн теңге шамасында. Егер біз дер кезінде импортты алмастыру мәселелерін шешсек, бұл отандық өндірушілерге үлкен мүмкіндіктерге жол ашады", – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Сонымен қатар Нариман Әбілшайықов осы уақытқа дейін Алматы қаласында отандық өнім шығаратын компаниялар реестірі жасалғанын хабарлады.

"Біз Алматы қаласындағы отандық тауар өндірушілер реестрін жасадық. Оған 500 компания кірді. Олардың барлық сертификаттары бар. Нәтижесінде отандық өндірушілер шығаратын 12 мың тауар тізімі жасақталды. Болашақта "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және жергілікті атқарушы органдар осы тізіммен жұмыс істейді деп үміттенемін", – деді Нариман Әбілшайықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу