Отандық тауарлар тізімі жасалады

323

Қазақстанда отандық тауарлар тізімін жасау жоспарлануда. 

Отандық тауарлар тізімі жасалады Фото: egemen.kz

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев мәлімдеді.

Сенат депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасына бастама жасады.

"Заң жобасында СТ КЗ сертификаттары мен Индустриялық сертификаттың орнына қазақстандық Тауарлар тізімін жасау, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдармен локализация үлесін, шығарылатын тауарлардағы қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайтуға, шыққанын растау тетіктерінің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған өндіріс шарттарын қалыптастыру қарастырылған", - деді Қайрат Балықбаев.

Негізгі мемлекеттік қолдау мемлекеттік сатып алу шеңберінде ұсынылған, яғни "Самұрық-Қазына", СК "Фармация" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұзақ мерзімді сатып алулары, тауарларды, оның ішінде еркін қоймалар мен еркін экономикалық аймақтағы Еуразия Одағы елдеріне экспорттау кезіндегі шығындарды өтеу тек "CT-KZ" және индустриалды сертификаттарды ұсынған жағдайда ғана көрсетіледі. Бұл сертификаттардың әрқайсысы өз кезегінде отандық өндірушілерді қолдауда белгілі бір рөл атқарғаны сөзсіз.

Сонымен қатар бүгінде бұл құралдардың кемшіліктері де жоқ емес. Аталған сертификаттар бір-бірін белгілі бір дәрежеде қайталайды, бір өндірушілердің оларды алуға шығындарының өсуіне әкеледі. Сараптамалық ұйымдарға олардың біліктілігі мен жауапкершілігін, сондай-ақ салалық ерекшеліктерін растайтын талаптар жоқ. Өндірістің нақты бар-жоғын тексеру мүмкін емес. Қазақстандық өндірісті растау жүйесі нақты технологиялық операцияларды растаудың орнына негізінен ел ішілік құндылық үлесіне және адвалорлы үлесті есептеуге негізделген.

Вице-министр атап өткендей, тізімге Қазақстанда шығарылған тауарлар туралы ақпараттың бірыңғай көзі ретінде енгізілген өндірушілерге ғана мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну көзделіп отыр.

Тізім тауардың шыққанын растау, сараптаманы тексеру, толық цифрландыру, АЖ басқа мемлекеттік органдарымен интеграцияларды ескере отырып, форматты-логикалық бақылау критерийлерін қаржыландыруды көздейтін Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйеге айналады.

Заң жобасын биыл қабылдау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу