Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімін ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы келісім 2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында жасалды. Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы сауда қатынастарын дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарларды Моңғолия нарығында ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасау – келісімнің негізгі мақсаты. Осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді", – делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.
Мәжілістің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша қорытындыларын берді.
Айта кету керек, бұған дейін Моңғолиядан келген қандастардың жалпы еңбек өтілі енді Қазақстанда есепке алынатынын жазғанбыз.