Отандық техниканы қаржыландыру тәртібі сәуір айының соңына дейін бекітіледі

862

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде.

Отандық техниканы қаржыландыру тәртібі сәуір айының соңына дейін бекітіледі

Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды.

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0%-дан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу