Отандық теле-радио арналарда қазақ тілді контент үлесі артады

223

БАҚ материалдары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі 3 жылдан 1 жылға дейін қысқарады.  

Отандық теле-радио арналарда қазақ тілді контент үлесі артады Фото: elements.envanto.com

Мәжіліс депутаттары "Масс-медиа туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты таныстырған депутат Жанарбек Әшімжановтың сөзінше, заңда журналистің кәсіби қызметіне құқықтық кепілдіктер белгіленеді.

"Мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламаларды тарату және отандық контент көлемі бойынша талаптарды 2025 жылдан бастап – 55 пайызға, 2027 жылдан бастап теле-радио бағдарламалардың жалпы көлемін 60 пайызға ұлғайту, құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша ескіру мерзімін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқарту ұсынылып отыр. Сонымен қатар БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық-кәсіби кеңестердің негізгі функциясы ретінде журналистердің Әдеп кодексін әзірлеуді айқындау, балалар басылымдары мен өңірлік газет-журналдарын қаржылай қолдау (грант тағайындау), отандық теле-радио арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-радио арналардың теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялауды 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту нормасы бар. 

"Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін онлайн платформаларда ақпаратты орналастыру, тарату жөніндегі қатынастарды реттеу ерекшеліктері туралы норманы енгізу қарастырылған", - деді мәжілісмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу