Отандық телеарналардағы зиянды тағамдар туралы жарнамаларға шектеу енгізілмек

271

Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған. 

 Отандық телеарналардағы зиянды тағамдар туралы жарнамаларға шектеу енгізілмек Фото: freepik

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова дұрыс тамақтану және салауатты әдеттерді балалар арасында қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Бұл Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-премьердің сөзінше, отандық арналардағы зиянды тағамдар туралы жарнамалар бақылауға алынып, шектеледі. 

"Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат министрліктері ұлттық телерадиоарналарда балаларға зиянды тауарларды жарнамалау бойынша уақытша шектеулер енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік органдар ұйымдарды ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану қағидаттарын енгізу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасы мен ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК жүзеге асырады", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелері бойынша органдар мен ұйымдарды ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді, салауатты өмір салты мен салауатты тамақтану қағидаттарын енгізу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасы және ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК жүзеге асырады.

“Денсаулық сақтау министрі А. Әлназароваға депутаттармен кездесу ұйымдастырып, аталған мәселелер бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы толығырақ баяндау тапсырылды”, — деп толықтырды вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу