Отандық тракторларға субсидия жаңа тәртіппен бөлінеді

896

Отандық тракторларға субсидия жаңа тәртіппен бөлінеді

Келесі жылдан бастап отандық тракторларға субсидия бөлу тәртібі өзгермек. Бұл туралы Семейдегі автоқұрастыру зауытының өкілдері хабарлап отыр, деп жазады khabar.kz.
Бұрын демеу қаржы шаруа қожалықтарына берілетін. Ал фермерлер бағасы бірдей болғандықтан отандық техниканы емес, шетелдік өнімді таңдауға көшкен. Осының салдарынан Қазақстанда шығарылатын "Беларусь" тракторларының өндірісі 10 есеге дейін төмендеген. Жақында үкіметте қаралған бұл мәселе отандық машина жасаушылардың пайдасына шешіліп отыр. 
 "2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша құн салығынан босатыламыз және бізге субсидия бөлінеді. 25 пайызға дейін деп мөлшерлеп отырмыз. Бұл субсидиялар тікелей ауыл шаруашылығына емес, біздің зауытқа бөлінетін болады. Нәтижесінде біздің өндірісіміз өркендеп, ары қарай жұмыс істейді. Бұрынғы 1 500 трактор шығаруға қауқарлы күшімізге қайтадан келеміз деп ойлаймын", - зауыттың техникалық директоры Жандос Ілиясов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу