Отандық тұқым сатып алған шаруаларға субсидия көбірек беріледі

316

Қазақстанда отандық тұқым сатып алған шаруаларға берілетін субсидия көлемі 10%-ға артады.  

Отандық тұқым сатып алған шаруаларға субсидия көбірек беріледі Фото: eldala

Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы өткізу үшін шаруаларға 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. Қазір оның 204,8 мың тоннасы жөнелтілген.

Вице-министр биыл тұқым сапасына бақылау күшейтілгенін де айтты. Ел бойынша тұқымға қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды. Тексеру қорытындысында барлық тұқым бірінші және екінші санаттағы егіс стандартына сай келген.

Азат Сұлтановтың сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап тұқым құнын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілген. Соның аясында қазақстандық тұқым сатып алған шаруаларға көбірек мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар енді тұқым сапасын тексеру мемлекеттік қаржы есебінен жүргізілмейді. Шаруалар зерттеу жұмыстарын өз қаражатына өткізуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым шаруашылығы саласындағы бақылауды күшейту үшін Мемлекеттік инспекция комитеті құрамынан жаңа басқарма құрылғанын хабарлады. Сондай-ақ өңірлердегі астық және асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторларының жұмысына бақылау күшейтілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу