Отандық тұңғыш бизнес телеарнаға – 1 жыл!

662

 Отандық тұңғыш бизнес телеарнаға – 1 жыл!

Жалғастырамыз. Біздің арна үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше. Атамекен бизнес ченнел-дің хабар тарата бастағанына тура 1 жыл толды. Еске салайын, 2016-шы жылдың 23-ші мамырында біздің арна ғаламтор арқылы ақпарат беруді бастаса, желтоқсанның бірінде Отау ТВ сандық хабар тарату жүйесіне қосылды. Осылайша, Қазақстанның ақпараттық нарығында тұңғыш бизнес арна пайда болды. Атамекен бизнес ченнел елдегі кәсіпкерлік, нарықтың беталысы мен дамуы турасында болжам, мамандардың кәсіби түсініктемесі мен сараптамалық тұрғыдағы пікрлер мен көзқарастарды көрермен назарына ұсынады. Телеарна бір уақытта Астана және Алматы қалаларынан ақпарат таратады. Арнадағы бағдарламаларды әр саланың жетекші мамандары тізгіндейді.

Айбек Құрмет, Atameken Business Жаңалықтар қызметінің шығарушы редакторы

ATAMEKEN BUSINESS CHANNEL РЕСЕЙ МЕН ЕУРОПАҒА ХАБАР ТАРАТАДЫ

Ал Atameken Business-дің көрермені осы айда бірден 90 млн адамға көбейді. Телеарна "Ямал-401" жерсерігіне қосылып, Ресей, Шығыс Еуропа мен ТМД, Моңғолия, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы мен Жапонияға дейін хабар тарата бастады. Айта кетейік, шет мемлекеттерге арналған арнайы жобалар мен редакциялық алқа болмайды. Қазақстан аумағында көрсетілген хабарларды олар да сол күйінде көре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу