Отандық уранды сатып алуға бірқатар ел қызығушылық танытып отыр

91

Былтыр "Қазатомөнеркәсіп" алғаш рет БАӘ-нің АЭС-іне уран жеткізген.

Отандық уранды сатып алуға бірқатар ел қызығушылық танытып отыр Фото: Қазатомөнеркәсіп

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы өткен жылдың қорытындысы бойынша табиғи уран өндіру және сату көрсеткіштері бойынша әлемдік көшбасшы орнын сақтап отыр. Бұл туралы ұлттық компанияның акционерлік қоғамының басшысы Мейіржан Юсупов "Самұрық-Қазына" қорының қоғамдық кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Мейіржан Юсуповтың сөзінше, "Қазатомөнеркәсіптің" 14 өндіруші кәсіпорны бар. Бүгінгі таңда компания сататын өнімнің тең жартысы Азияға, тағы 28%-ы – Еуропаға, 22%-ы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі.

"Биыл сатылым портфеліне Чехия (CEZ Group) мен Швейцария (Axpo Group) қосылды. Азия бағытында Қытай мен Үндістаннан бөлек, Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты елдер де Қазақстанның ұзақ мерзімде уран жеткізгеніне қызығушылық танытып отыр", – деді Мейіржан Юсупов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу