Бұл туралы StopCovAlmaty телеграм парақшасында хабарланды.
"Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны адамдарға тестілеу 2020 жылдың қыркүйегінде басталады. 26 шілдеде вакцина жасаушы бес адам ерікті түрде өздеріне вакцинаны сынап көрді. 3 күннен кейінгі нәтиже ешқандай жанама әсерлердің болмағандығын көрсетті", – деп жазылган хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінен рұқсат алғаннан кейін коронавирусқа қарсы антиденелері жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ өткізілмек. Ал қазан айының ортасында ДДСҰ талаптарына сай келетін 200 еріктіге клиникалық сынақтардың екінші кезеңі бойынша зерттеу жүргізк жоспарланып отыр.
Айта кететіні клиникалық сынақтардың екінші кезеңі 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталуы керек.
Құралай Құдайберген