"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" Ресей нарығы үшін JAC автокөлігін өндіру құқығына ие болды, ал KazakhExport оны іске асыруға сауда-экспорттық несиені рубльмен бермек, деп хабарлайды abctv.kz.
"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" автожасау зауыты "KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-тың қаржылық қолдау тетіктерімен Ресей Федерациясының аумағына JAC маркалы машинасын өндіру мен экспорттаудың айрықша құқына ие болды. Бұл уағдаластық бүгін, 8 қараша күні, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың зауытқа бару сапарында қол жеткізіліп, "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС, China National Vehicle Import and Export Company және KazakhExport компанияларының арасында үшжақты меморандум жасалды. Осы қол қойылған құжат негізінде қытайлық China National Vehicle Import and Export Company компаниясы қазақстандық зауытқа машина құрау және оны Ресейге экспорттау құқығын бере отырып, тиісті машина жасау құралдарын жеткізетін болады.