Үкімет инвестициялық жобалар пулын әзірледі, оған отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілді, деп хабарланды Үкімет басшысының сайтында.
"Пулға шикізаттық емес секторларда 500 млн теңгеден басталатын, әр түрлі сатыдағы отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілген. Пул жалпы сомасы шамамен 24,14 трлн теңге болатын әлемнің 30-дан астам елінен 761 инвесторлар жобасынан тұрады және 108 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді", – деп жазылған сайтта.
Жобалардың толық тізімін Сыртқы істер, Ұлттық экономика министрліктерінің, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ мен АХҚО-ның ресми сайттарынан көруге болады.
Сонымен қатар салалар бөлінісінде жобалар бейінді министрліктердің сайттарында, өңірлер бөлінісінде қалалар мен облыстар әкімдіктерінің сайттарында жарияланған.
Жарияланған ақпаратта мынадай деректер ұсынылған: жобаның атауы, инвестор елі, іске асырылып бастаған күні және пайдалануға беру жоспарланып отырған күні, өңір, жауапты мемлекеттік орган, инвестициялар сомасы және жұмыс орындарының саны. Жобалар туралы ақпарат жобалардың әр түрлі сатыларда дамуына байланысты тоқсан сайын жаңартылуы мүмкін.