/img/tv1.svg
RU KZ
FTSE 100 5 671,96 РТС 1 014,44
Hang Seng 23 497,47 KASE 2 224,17
DOW J 22 150,39 Алтын 1 602,90
Отандық жеңіл атлеттер Минскідегі халықаралық сыннан екі медаль еншіледі

Отандық жеңіл атлеттер Минскідегі халықаралық сыннан екі медаль еншіледі

Турнирге 12 елден спортшылар қатысты.

27 Ақпан 2020 16:34 84

Отандық жеңіл атлеттер Минскідегі халықаралық сыннан екі медаль еншіледі

Фото: olympic.kz

25-26 ақпан күндері Беларусьтің Минск қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы халықаралық матчтық кездесуі өтті, деп хабарлайды olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 116 ұпай жинап, жалпы есепте оныншы орын иеленді. 

Турнирде Италия 241 ұпаймен көш бастаса, Беларусь 220, Польша 2018 ұпай иеленді. 

 

Біздің жеңіл атлеттер еншісінде екі медаль бар. Биіктікке секіруден сынға түскен Владислав Бахтин (210 см) мен Кристина Овчинникова (188 см) күміске қол жеткізді. 

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Минскіден келген ұшақ Нұр-Сұлтанға қона алмады

Қарағандыға қондырылған ұшақтың жолаушылары карантинге жатқызылды.

18 Наурыз 2020 15:31 76

Минскіден келген ұшақ Нұр-Сұлтанға қона алмады

Минскіден ұшып келген ұшақ Нұр-Сұлтанға емес, Қарағандығы қондырылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.     

«Минскіден Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ таңғы төртте Қарағандыға қонды. Бізге Қарағандығы қондыру керек деген тапсырма берілді. Бұл үкіметтің шешімі», – деп түсіндірді ведоствоның баспасөз қызметі.        

Сондай-ақ ведомство ұшақта болған 67 адамның барлығы карантинге алынғанын мәлім етті.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 15 сәуірге дейін елде төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылады. 18 наурыз күнгі жағдай бойынша елде 35 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды.          
 

Рыпакова WORLDATHLETICS атлеттер комиссиясының құрамына енді

Танымал спортшы әлем спортына қосар үлесі үшін қуанышты екенін жеткізді. 

21 Қараша 2019 21:09 246

Рыпакова WORLDATHLETICS атлеттер комиссиясының құрамына енді

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығының (IAAF) отырысында WorldAthletics атлеттер Комиссиясының құрамына енді, деп хабарлайды olympic.kz.

 «Жеңіл атлетиканы спорт падишасы деп бекерге айтпаса керек. Жеңіл атлетиканың кез келген түрінен әлемдік деңгейдегі турнирлер жыл санап артып келеді. Табысты спортшылардың ізін жалғайтын жаңа буынның өсіп келе жатқаны қуантады.  «WorldAthletics» комиссиясына енгенім мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені, бұл жеңіл атлетикадағы ұйымдар мен іс-шараларды бақылайтын жоғарғы орган. Мұндай құрылымның бір бөлшегі болу – өз ұсынысыңды білдіріп, біздегі спорт әлемін жақсартуға мүмкіндік береді. Осы орайда, мұндай қызметке тағайындалған жеңіл атлеттерді құттықтаймын. Біздің спортшылардың құқығын қорғау жолында бірге жұмыс істейміз. Маған артылған сенімді ақтауға тырысамын», – деп жазды Рыпакова. 

Жаңалықтарға жазылу: