Отандық жеңіл өнеркәсіп оқушыларды киім-кешекпен толық қамтамасыз ете алмай отыр

730

Отандық жеңіл өнеркәсіп оқушыларды киім-кешекпен толық қамтамасыз ете алмай отыр

Петропавлда заманауи техникамен жабдықталған кәсіпорын балалар мен оқушыларға киім тігіп жатыр.

"Мектеп формасын тігіп жүрмін. Сапасы өте жақсы. Себебі матасы мықты. Күніне ең кемі 200 мектеп формасын дайындаймыз. Кәсіпорын 20 адамды жұмыспен қамтып отыр", - деді. Ал тігін фабрикасының атқарушы директоры Александр Белоконенк тігінші тапшы екенін айтып отыр.

"Біз жұмыспен қамту орталығына сұрау салдық. Олар 12 келіншекті оқытып берді. Барлығы осында орналасты. Жуырда тігін фабрикасы киім үлгілерін пішетін тың құрылғы сатып алды. Бұл балалардың спорт киімдерін де жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанда 3 миллиондай оқушы бар. Әзірге отандық жеңіл өнеркәсіп оларды киім-кешекпен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Біз осы олқылықтың орнын толтыруға үлес қосқығымыз келеді", - деді атқарушы директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу