Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Сақтау, логистика және көлік – бұл картоп пен көкөністерді сақтау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін шаралар кешенінің екінші бағыты. Маусымаралық кезеңде тиімді тауар интервенцияларын жүргізу үшін тұрақтандыру қорларының жүктемесін қамтамасыз ету көзделеді. Азық-түлік корпорациясы өңдеу кәсіпорындарына одан әрі өткізу үшін шикізат сатып алуды жүзеге асыратын болады. Транзиттік ағындардың географиясын кеңейту мақсатында жаңа көлік маршруттары пысықталып, автомобиль көлігімен отандық жүк тасымалдаушылардың үлесі 30-дан 50%-ға дейін ұлғайтылатын болады", – деді министр.