"Оның аты Дастан": Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз бар шындығын айтты

22834

Қазір сарбаз ем қабылдап жүр.

"Оның аты Дастан": Отарда соққыға жығылып, 20 күндей комада жатқан сарбаз бар шындығын айтты Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысына қарасты Отар ауылындағы әскери бөлімде борышын өтеп, кейін комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпат басынан өткен жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Orda News YouTube-каналына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Нұржігіт Әбділпат Қостанайдағы ауруханада емделіп жүр.

"Өзімді айтарлықтай жақсы сезінемін", – деді ол.

Журналист сарбаздан "Әскерге өз еркімен бардың ба?" деп сұрады. 

"Әскерге бару менің өз қалауым болатын. Қашықтан оқығандықтан, уақыт босқа өтпесін деп әскерге барамын деп шештім. Бірдеңе үйренгім келді", – деп жалғастырды ол.

Нұржігіт Әбділпат оған күш қолданған адамның рота сержанты болғанын еске алды. 

"Ол рота сержанты болды, аты – Дастан. Өзі ашушаң еді. Онымен ешкім қатты араласқан жоқ. 22 күні түнде ұстамам ұстап қалды. Әскердегі күнделікті кестеге үйренбегендіктен болған шығар. Салдарынан ұйықтай алмадым. Бұл туралы командирге айтып, шағымдандым. Ол медбикені шақырып, біз санитариялық бөлімге бардық. Маған бұл қалыпты деп айтты. Олар мені тексеріп, дәрі жазып берді. Оны ішкен соң жақсарғандай болдым. 6-сы күні таңертең тамағым ауырып, өзімді жайсыз сезіндім. Тамағыма спрей сеуіп, оны қалтама салдым. Оң жағыма сержанттың қалай келгенін байқамай қалдым. Ол мені кеудеден төмен, өкпеден ұрды. Мен еңкейіп қалдым. Бір-екі секундқа тынысым тарылғандай болды. Одан кейін әскердегі нормативім нашарлай бастады. Жүгіргенде ең соңынан келіп, бірнеше күн дұрыс тамақтанбадым. Ол мені ұрып, содан кейін кетіп қалды", – деп есіне алады сарбаз. 

Айта кету керек, осыған дейін Отарда әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат ауруханадан шыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу