Сүйінші! Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты

912

Мәжіліс депутаты Константин Авершин Нұржігітті емдеген дәрігерлердің суретін салып, қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіндегі дәрігерлерге алғыс айтты. 

Сүйінші! Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты Фото: konstantin.avershin

Отарда әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат бүгін ауруханадан шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс депутаты Константин Авершин Нұржігітті емдеген дәрігерлердің суретін салып, қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіндегі дәрігерлерге алғыс айтқан.

"Ат салысқан, көмектескен, баламды аяғынан көтерген дәрігерлерге алғыс айтамын. Шынымды айтсам, балам осылай жазылып, жақсы хәлге жетеді деп ойлаған жқпын. Сондықтан, қуанышымды шек жоқ", - дейді сұхбат берген Нұржігіттің анасы Жанна Жаналина. 

Нұржігіттің өзі болса оның жазылып кетуін тілеп, дұға еткен отандастарына алғыс білдірді.

"Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жазылдым", - дейді ол.

Еске салсақ, Жамбыл облысында әскерде жүргенде комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның анасы Жанна Жаналина әлеуметтік желіде президентке үндеу жариялап, көмек сұраған.

Жаналина ұлының ес-түссіз, арнайы аппаратпен тыныс алып жатқанын, жағдайы қиын екенін айтты. Мұнан соң президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеумен танысқанын, оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуді және кінәлі адамдарды жазалауды талап еткенін хабарлады. Кейін сарбаз комадан оянып, есін жиды.

Нұржігіт әскерге өткен мамырда ғана алынған. Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу