Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 1-бөлігі бойынша — билікті немесе лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану — айыбымен сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың маусым айында сотталушы Т. әскерге жаңадан шақырылған сарбаз Ә.-нің ішінен әдейі соққы жасап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Бұл әрекеті арқылы ол өзінің үстемдігін көрсетіп, жәбірленушінің ар-намысына нұқсан келтірген. Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, оның әрекеті куәлардың айғақтары, тергеу материалдары мен медициналық сараптама нәтижелері арқылы дәлелденді.
Жәбірленушінің өкілдері соттан қатаң жаза тағайындауды және материалдық шығынды өндіруді сұрады.
Сот Т.-ны кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңгеден астам сома өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.