Қостанай облысында ERG компаниясының кеншілері мен жұмысшылары "Отбасы банк" арқылы жеңілдетілген шарттармен пәтер сатып алуына мүмкіндік туды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі мен "Отбасы банк", "ERG" Еуразиялық компаниялар тобы ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды. Соның арқасында Соколов-Сарыбай кең-байыту өнеркәсібі, "Қашар руда", "ERG Service" компаниялары еңбеккерлерін баспанамен қамту жобасы іске қосылды.
100 пәтерге шақталған "Корпоративтік өнім" бағдарламаның бастапқы жарнасы 10 пайыз, жылдық мөлшерлемесі небәрі 5 пайыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу