"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ислам ипотекасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біздің ойымызша, ислам ипотекасына болашақта сұраныс болады. Пәкістанға барып, MEEZAN BANK LIMITED атты ірі банкпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Қазір сол құжат "Бәйтерек" холдингінің делегациясы Пәкістанға жасаған іскерлік сапары барысында ресімделді. Біз заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бес мемлекеттік орган бізге рұқсат берді, енді Мәжілісте ислам ипотекасын беруге рұқсат берсе, біз осы жылдан бастаймыз", – деді Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Оның сөзінше, ислам ипотекасына қатысты шарттар мен ережелер заңда белгіленбек.
"Отбасы банк" Малайзия компаниясымен бірге сол елдегі ислам ипотекасының өнімдерін қарап шығып жатыр", – деп атап өтті спикер.
Айта кету керек, бұған дейін "Ұмай" ипотекалық бағдарламасы қашан қайта іске қосылатынын жазғанбыз.