"Отбасы" банк: Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар

687

Елімізде 147 адамның 20-дан астам пәтері бар. "Отбасы банк" үй иелері жайлы тың ақпарат жариялады, деп жазады inbusiness.kz.  

"Отбасы" банк: Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар Фото: gov.kz

Мұндай деректі Стратегиялық бастамалар форумында "Отбасы банк" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жариялады.

Жалпы 6 млн 300 мың қазақстандықтың баспанасы бар. Олардың 90 пайызында, яғни, 5,6 млн адамда бір пәтерден. 607 мың азаматта екі пәтерден бар. Үш үйі барлар – 84 мыңнан асады. Төрт баспанасы бар қазақстандықтардың саны – 16 мың. Бесеуден – 4800 адам, 6 пәтері барлар - 1900, 7 баспананың иелері 942 адам. Ал 147 адамда 20-дан аса баспана тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу