"Отбасы Банк" меншікті капиталдың пайдасын ұлғайту бойынша көш бастады

329

Өсім 87,9%-ды немесе 107,5 млрд теңгені құрады. 

"Отбасы Банк" меншікті капиталдың пайдасын ұлғайту бойынша көш бастады Фото: otauhomsters.kz

Алайда одан салымшылар ешқандай пайда көріп отырған жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты мәжіліс депутаты Ислам Сұңқардың баяндамасына сілтеме жасап.

"Біз шарттар бойынша осы депозиттің пайыздық жылдық мөлшерлемесі небәрі 2%-ды құрайтынын көріп отырмыз, ал мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын шектеулі сомаға есептеледі.

Сонымен қатар, 2023 жылы қазақстандық ірі банктер арасында өз капиталының пайдасын ұлғайту бойынша дәл осы Отбасы Банкі көш бастап тұр. Өсім 87,9% – 107,5 млрд теңгені құрады. Алайда одан салымшылар ешқандай пайда көріп отырған жоқ. Сондықтан бізде сәйкесінше сұрақ туындайды – пайданы кім көріп отыр? Банк па, Қазақстан азаматтары ма?

Біз төмен мөлшерлемелі депозиттегі банк клиенттерінің ақшасын пайдаланып, миллиардтаған табыс тауып және оны клиентке бермей өз қалауы бойынша пайдалануды әділетсіз әреке деп санаймыз",  — деді депутат.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып Қазақстан Халықтық партиясы:

1.​Екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылыс жинағына лицензия беру мүмкіндігін қарастыру. Клиенттер банктер ұсынған ең жақсы шарттарды таңдай алатындай депозиттер мен қарыздар бойынша бәсекелестік қажет.

2.​Исламдық ипотека беретін банктерге тұрғын үй қарыздарын беруге қатысуды көздеу, бұл кейіннен сатып алумен жалға алуды білдіреді.

3.​Реттеудің нақты ережелерімен елде кредиттік және тұрғын үй-жинақтаушы кооперативтер құру мүмкіндігін қарастыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу