Отбасы банк шағын қала тұрғындарына жеңілдетілген ипотека дайындап жатыр

1254

Бұл туралы үкімет отырысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов хабарлады.

Отбасы банк шағын қала тұрғындарына жеңілдетілген ипотека дайындап жатыр

Отбасы банк даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындарына жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлеп жатыр.

Оның айтуынша, бұл ипотеканың шарттары мынадай: бастапқы жарна – 10%, сыйақы мөлшерлемесі 5%-ға дейін кредит мерзімі – 20 жылға дейін. 

– Қазіргі бағдарламаның негізгі параметрлерін мемлекеттік органдармен келісіп жатырмыз. Алдын ала есептеулерге сай, бұған 2022-2025 жылдары республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 11 млрд теңге бөлу қажет. Өнім 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылмақшы, – деп түсіндірді Айдар Әріпханов. 

Оның мәліметінше, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,235 трлн теңгеге 82,2 мың жеңілдікпен қарыз берілді. Отбасы банк жүйесінде 1,5 трлн теңге болатын 2,2 млн шарт бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу