"Отбасы банк" ұлттық даму институты болады

1293

"Отбасы банкін" ұлттық даму институты мәртебесіне өзгерту жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Отбасы банк" ұлттық даму институты болады

Оның айтуынша, жаңа орталық тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу, есепке қоюды, тұрғын үйді бөлуді орталықтандырып жүзеге асырады. 

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорымен интеграцияланады. 

Сонымен қатар екінші деңгейлі банктің мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесіне өзгерту жұмысын жүргізу жоспарланып отыр", – деді Айдар Әріпханов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу