"Отбасы" банкі өзінің жалғыз акционері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне 2024 жылға 84,5 млрд теңге дивиденд төлейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Төлемнің бірінші сомасы 2025 жылдың 02 маусымына дейін – 42 277 615 200,00 теңге, төлемнің екінші сомасы 2025 жылдың 02 шілдесіне дейін – 42 277 615 200,00 теңге", – деп көрсетілген құжатта.
Ал, 2023 жылы банк 44,258 млрд теңге, 2022 жылға 67,2 млрд теңге төлеген болатын.
2025 жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 35 млрд теңгеге "Отбасы" банкінің облигацияларын сатып алды.
Бұған дейін 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, БЖЗҚ портфелінде "Отбасы" банкінің екі шығарылыммен 50,5 млрд теңге облигациясы болған.
Осылайша "Отбасы" банкінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берешегі 85,5 млрд теңгеге жетті. Бағалы қағаздардың құны қазір 92,4 млрд теңге деп бағаланады.