Отбасы банкі депозиттерінде зейнетақы жинақтарын сақтау мерзімі ұзартылды

354

Құжат ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Отбасы банкі депозиттерінде зейнетақы жинақтарын сақтау мерзімі ұзартылды Фото: canva.com

Елімізде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын өзгертті.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және жақын туыстарына беру көзделген, бірақ салымды үшінші тұлғаға, яғни одан әрі беруге жол берілмейді. Құжат ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу