Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Үкімет қаулысының жобасын жариялап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Отбасы банкке" ұлттық даму институты мәртебесі берілуі мүмкін.
"30 қазанда ҚР Парламентінің Мәжілісі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қабылдады. Заң жобасы аясында "Отбасы банкіне" азаматтарды есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бере отырып, ұлттық даму институты мәртебесін беру ұсынылады", - деп жазылған құжатта.
Яғни, министрлік заңнамадағы өзгерісті жүзеге асыру мақсатында "Отбасы банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына ұлттық даму институты мәртебесін беруді ұсынған.
Заң жобасы бойынша, баспана кезегіне қою, кезектің сақталуын қадағалау, кезектегілерге тұрғын үй үйлестіру жұмыстары
"Отбасы банк" пен оның жанынан құрылатын Тұрғын үймен қамту орталығына берілмек.
Құжатты Мәжіліс Сенат ұсынуымен қабылдап, Мемлекет басшысына жолдаған еді.