"Отбасы банкке" лицензия берілді

505

Осылайша "Отбасы банк" көрсететін қызметтің қатары көбейді.  

"Отбасы банкке" лицензия берілді Фото: gov.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттік төраға орынбасарының 2023 жылғы 03 наурыздағы № 151 бұйрығына сәйкес "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға лицензия берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Нақтырақ айтқанда: банк операцияларын және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу және жүргізу; жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу және денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары сияқты өзге де операцияларды жүргізуге лицензия берілді" - делінген хабарлама.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу