"Отбасы банктегі" депозитті сату қызметі тоқтатылады

659

Енді тек туыстарға ғана табыстауға болады.

"Отбасы банктегі" депозитті сату қызметі тоқтатылады Фото: inbusiness.kz

21 тамыздан бастап "Отбасы банктегі" депозитті сату қызметі тоқтатылады. Бұл сервис арқылы депозитті тек туыстарға ғана өткізуге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"21 тамыздан бастап Отбасы банкінде депозитті ақылы түрде табыстау (депозитті сату) қызметі тоқтатылады. Онлайн табыстау – депозиттердің онлайн дүкені іспеттес. Онда клиенттердің бірі салымдарын сата алса, екіншілері жинақтау жолын жылдамдатып, заемды тезірек алу үшін Отбасы банкінен шот сатып ала алады. Былтырдың бірінші жартысында бұл мүмкіндікті 1 647 адам пайдаланған. Биылдың дәл осы кезеңінде депозиттерді сатып алып, заем рәсімдеген бірегей клиенттердің саны екі есе азайып, 973 адам болды. Ал бірінші жартыжылдықта Отбасы банк 28 800 кредит берген", Отбасы банк хабарламасында.

Банк мәліметінше, тек биылғы жылдың басынан бері 273 465 қазақстандық жаңа жинақ шотын ашты.

"Отбасы банкінде депозиттерді туыстарға табыстау қызметі сақталады. Оны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, "Otbasy bank" мобильді қосымшасында онлайн режимінде де жасауға болады. Қызмет 5-10 минут уақытты алады", деп нақтылады банк. 

Бұл қызметті туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, бір ата-анадан немесе әртүрлі ата-анадан туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері және басқа да жақын туыстары. 

Атап айтқанда, банк бөлімшесіне барып, туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында депозиттерді табыстауға болады. Мысалы, салымшы бір мәміле аясында жарының ағасына өз депозитін табыстай алады. Ол үшін неке және туыстық қатынасты растайтын құжаттар (туу туралы куәліктер) қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу