Отбасылық агрессор жәбірленушімен сотта тек бір рет татуласа алады

Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактілері үшін қоғамдық жұмыстар тағайындау мәселесі пысықталуда. 

Отбасылық агрессор жәбірленушімен сотта тек бір рет татуласа алады Фото: 1prof

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров айтты. 

"Сотта құқық бұзушының жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі бар, бірақ соңғы өзгертулер бойынша тек бір рет ғана татуласа алады, яғни отбасылық жанжал жасаған дебошир бірінші рет сотта жәбірленушімен татуласса, бұл әрекеттері келесі қайталанғанда сот оларды татуластыруға, енді заң бойынша құқығы жоқ. Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке қамауға алынады", – деді спикер. 

Қайта жасалған жағдайда – 10 тәулікке қамауға алу. Ұрып – соғу фактісі үшін – 10 тәулік қамауға алу, қайталанса - 20 тәулікке бостандығын шектеу қарастырылған. 

"Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін-15 тәулік қамау, ал қайталанғанса - 25 тәулік. Сонымен қатар, қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактілері үшін қоғамдық жұмыстарды тағайындау мәселесі пысықталуда. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысымды азайтуға мүмкіндік береді", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу