Отбасылық мерекелік шаралар ұйымдастыруға болмайды

831

Әзірге бұған эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік бермейді.  

Отбасылық мерекелік шаралар ұйымдастыруға болмайды

Бұл туралы мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. 

"Бүгінде көпшілікті жинап ешқандай отбасылық мерекелік шаралар ұйымдастыруға болмайды. Біз 30 адамға дейін келуге болатын нысандарды аштық. Екінші кезеңде 50 орындыққа дейін рұқсат етілген нысандар ашылды. Алайда бұл шаралар қандай да бір мерекені атап өту үшін қарастырылмаған. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай бұған мүмкіндік бермей отыр", – деген бас санитарлық дәрігер статистикалық деректерге тоқталды. 

"Үкіметаралық комиссияның шешімі бойынша, аймақтарда вирустың таралуы бір апта ішінде 5%-дан аспаған жағдайда, қоғамдық орындардың, яғни, СПА-орталықтар, фитнес орталықтары, монша, спорт клубтарының жұмыстары қайта жанданады. Біз осылайша карантиндік шараларды жеңілдетіп жатырмыз. Қаулы бойынша осы нысандар қатаң талаптарды сақтай отырып жұмыстарын жалғастырады", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу