Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар ШҚО-да тіркелді

733

Ресми статистикаға сүйенсек, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар азайып келеді.   

Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар ШҚО-да тіркелді Фото: ortcom.kz

Осы жылдың қаңтар-қараша аралығында елімізде отбасылық-тұрмыстық салада 841 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 6,9%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сілтеме жасап.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 903 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген болатын.

Республика бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Шығыс Қазақстан облысында байқалды (100 жағдай).

Антилидерлер қатарында Алматы (87 жағдай), Қарағанды (80 жағдай), Павлодар (80 жағдай) және Қостанай (72 жағдай) облыстары бар.

Ең аз құқық бұзушылық Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында тіркелді.

Тіркелген жағдайлардың 97,6%-ы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар болды (821 жағдай).

Мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (327) және орташа ауырлықтағы (295) зиян келтіру, кісі өлтіру (99) жағдайлары болды. Бұдан бөлек меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (9 жағдай), басқару тәртібіне қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар (4 жағдай) да бар.

Хабар 24 хабарлағандай, елімізде отбасында жанжал шығарушылар үшін жазаны қатаңдату жоспарланып отыр. ІІМ мәліметтері бойынша осы жылдың 10 айында отбасылық жанжалдан соң 93 әйел өлім құшты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу