Отбасылық жанжал кезінде жеңіл дене жарақатын салғандар әкімшілік қамауға алынады

1377

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға басымдық беріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusinnes.kz.

Отбасылық жанжал кезінде жеңіл дене жарақатын салғандар әкімшілік қамауға алынады

Алексей Милюк 2009 жылы қабылданған "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" салалық заң атқарылып жатқан шаралардың құқықтық негізі екенін атап өтіп, құжатқа министрліктің бастамасымен 12 рет өзгеріс пен толықтырулар енгізілгенін айтты.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" салалық заң 
полицейлердің өкілеттігін кеңейтті. Полиция қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау қаупі туған жағдайда жәбір көрсетушіге жәбірленушіге жақындауға, онымен кез келген тәсілмен, оның ішінде телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу құқы берілді. Мұндай шектеудің қолданылу мерзімі 1 айды құрайды. Бұл шара арнайы қорғау нұсқамасы ретінде рәсімделеді. Тыйым салу мен шектеуді бұзған адам бір тәулікке әкімшілік қамауға алынады мүмкін. Тұрмыстық жанжал кезінде ұрып-соғу немесе жеңіл дене жарақаты болса, құқық бұзушыға 10-15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түрінде қатаң жаза қолданылуы мүмкін", – деді Алексей Милюк. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу