"Отбасылық жанжал": Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамалды

1060

Әйелі іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, әншімен татуласқанын хабарлады.

"Отбасылық жанжал": Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамалды Фото: видео скриншот

Рахат Тұрлыхановтың ісі Алматы сотында апелляциялық инстанцияда жабық есік жағдайында қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Т.-ға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі) әкімшілік іс қаралды.Сот өткен жылдың желтоқсан айында Т.-ның үйінде жанжал шығарғанын анықтады. әйелін ұрып-соққан. Сотта Т. кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініп, тараптардың татуласуына дейін іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. Әйелі іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, Т-мен татуласқанын хабарлады", - делінген сот хабарламасында.

ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігінің санкциясында ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделгені атап өтілген.

Бұған дейін прокурордың наразылығынан кейін Тұрлыхановтың ісін қайта қарау туралы шешім қабылданғаны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу