"Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды", – деді Президент.
Мемлекет басшысы отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, одан бетер басынып, жапа шеккендер қорғаусыз қалатындығын айтты. Сол себепті де бұл әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деді.
"Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет", – деді ол.