"Отбасыммен, үйде тойлаймын": Ақтөбе облысының әкімі Тоғжанов туған күні туралы айтты

1028

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов бұған дейін әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Отбасыммен, үйде тойлаймын": Ақтөбе облысының әкімі Тоғжанов туған күні туралы айтты Фото: Жайык Пресс

Жергілікті пабликтерде 13 мамыр күні Ақтөбедегі ең қымбат мейрамханалардың бірінің алдында әкімдіктің бірнеше автокөліктері тұрғанын жазған еді. 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде аймақ басшысы Ералы Тоғжанов бұл ақпаратты жоққа шығарып, қызметтік көліктерге қатысты  құзырлы органдарға нұсқау бергенін айтты.

-          Бұл сұраққа объективті тұрғыдан қарау керек. Біздің отбасымызда қалыптасқан үрдіс бар, 12-сінен 13-іне қараған күні атап өтеміз.  Балаларым, достарым құттықтайды. 2018 жылы Астанада болдым,  балаларым білдіртпей менімен бір ұшақта ұшып келген. Сондықтан, айтарым, мен бұл күні үйде, отбасыммен бірге атап өтем,- деді Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі сондай-ақ, 13 мамыр жұмыс күні болғанын,  таңертең Қобда ауданында болып, түстен кейін балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездескенін атап өтті.

"Сағат 20-00-ге дейін жұмыс жасайдым. Адамдар, бәлкім, мен туған күнімді міндетті түрле бір жерде атап өтуі тиіс деп ойлайтын болар. Ал көліктерге қатысты, оны анықтайтын арнайы қызметтер бар, ақпаратты анықтауға тапсырма бердім. Бірақ, мендегі бар ақпарат бойынша, дәл сол күні ешқандай мемлекеттік көлік болмаған , болуы да мүкін емес,- деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу