"Отбасымызда америкалықтан гөрі қазақ көп": Қазақстаннан төрт бала асырап алған шетелдік әйелдің оқиғасы

1148

Үш қызды асырап алғысы келген Кэтрин Алматыдан тағы бір 7 айлық нәресте Қарлығашты кездестірген. 

"Отбасымызда америкалықтан гөрі қазақ көп": Қазақстаннан төрт бала асырап алған шетелдік әйелдің оқиғасы Фото: "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасы

Америкалық әйел қазақ балаларын асырап алып, оларға пана болған. Қаракөз қазақ балаларының бұл оқиғасы жайлы шетелдік әйел баяндап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасына сілтеп.

Америкалық Кәтрин есімді әйел - жалғызбасты ана. Ол көптеген жылдар бойы бала асырап алуды жоспарлап, армандаған. "Шетелдегі қазақ балалары" үйіне қонаққа барғанда әйел бар шындығын айтып, ағынан жарылған.

“Біз отбасымымызда алты бала едік. Сонда да бала асырауды қаладым. Кейіннен ұзақ уақыт бойы дайындалып, бала асырап алғым келді. Ол кезде Қазақстан шетелдіктерге қазақстандық балаларды асырауға енді рұқсат берген еді. Менің Қазақстан елшілігінде жұмыс істейтін достарым болды. Сол үшін осы елдің балаларын алғым келіп, құжаттары реттей бастадым”, – дейді америкалық әйел.

Кэтрин алғаш рет Қазақстанның батыс бөлігінлегі Орал қаласына барып, өзінің қазіргі қызы Жаннаны жолықтырыпты.

Асыранды тұңғыш қызына тез бауыр басқан ана оны қатты жақсы көргенін айтады. Шекара асқан қазақ қызы 1 жас 10 айында шетелдіктердің қолына тапсырылған.

Кэтрин Жаннаны асырап алған соң, Алматыдан жеті айлық Анарды тапқан. Кейіннен нәрестені де ұнатқан әйел Жаннаға "серік болсын" деп Анарды құшағына алады.21 жастағы Анар есімді қазақ қызы шетелде - Дэйзи. 

Үш қызды асырап алғысы келген Кэтрин Алматыдан тағы бір 7 айлық нәресте Қарлығашты кездестірген. Бүгінде кәмелет жасына жеткен Карли әпкелерімен нағыз бауырға айналған.

Асыранды үш қызы бар Кэтрин тұрмысқа шығып, жолдасымен ақылдаса келе тағы бір баланы бауырына басуды жөн санаған. Ерлі-зайыптылар бұл жолы Қарағандыдан сегіз айлық Әлішерді асырап алған. 

“Отбасымызда америкалықтан гөрі қазақ көп. Балаларымның бәрі қазақ екендерін біледі, өз ұлтын мақтан тұтады. Біз олардан өткенін жасырмаймыз”, – дейді кең жүректі Кэтрин.

Осылайша барлық балаларына білім беріп, бүгінде өз жолдарын таба алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу