Отбасын пышақтаған мектеп директоры ұсталды

1071

Сұмдық жайт Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылында болған. 

Отбасын пышақтаған мектеп директоры ұсталды

37 жастағы мектеп директоры жұбайы мен өгей қызына пышақ кезеніп, бірнеше жерден жарақаттаған. Белгілісі, жәбірленуші келіншек те – педагог. Отбасында екі бала бар.

Отбасылық жанжал кезінде  ер адам пышақ қолдану арқылы дене жарақаттарын келтірген. Алынған дене жарақаттары жеңіл дәрежеде. Күдіктіге қатысты  қылмыстық кодекстің "жүкті әйелді және көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу барысын облыс прокурорының өзі жеке бақылауына алды,- дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары Темір Бекетов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу