Әйелі мен балаларын үйінен қуып шыққан Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы қамауға алынды

313

Астана полициясы жұбайы мен балаларын үйінен күштеп шығарған Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әйелі мен балаларын үйінен қуып шыққан Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша азаматтың бұрынғы жұбайы А.-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

"Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады полиция.

Ал оқиға орнында қарап тұрған полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілетіні айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу